Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматы тұрғыны 11 жыл бойы алған зейнетақыны мемлекетке қайтаратын болды

Алматыда тұрғын 11 жыл бойы алған 12 миллион теңгеден астам зейнетақысын мемлекетке қайтаратын болды, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Алматы тұрғыны 11 жыл бойы алған зейнетақыны мемлекетке қайтаратын болды
Фото: pixabay.com

Себебі  мұндай шешімді Түрксіб аудандық соты шығарды.

Сот мәліметінше, 2010 жылдың 1 тамызында Алматы қаласының тұрғынына зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған. Белгілі болғандай, сол жылдың 10 ақпанынан бастап әйел Шешенстан республикасының Ахматов ауданынан да зейнетақы алған. Осылайша ол екі елдің де төлемін қатар алып жүрген.  Түптеп келегенде, бұл – Қазақстан заңнамасын бұзу.

Сот отырысында зейнеткер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзіне қойған талабын мойындады. Сот шешімі бойынша ол енді бюджетке 12 318 134 теңге – 2010 жылдың тамызынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін заңсыз алған зейнетақысының сомасын өтеуі керек. Сондай-ақ бұл сомаға 123 182 теңге мемлекеттік баж салығы да қосылады.