Мамандардың болжамынша, Қазақстан аумағында арктикалық суық күндер әлі де тұрақтайды.
Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдайды суық және қарсыз арктикалық антициклон анықтайды. Онымен бірге аяз да сақталады. Тек 17 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттар өтіп, қар жауады. Таулы аймақтарда қалың қар жауады, тұман түседі, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады деп күтілуде. Республиканың солтүстік және шығыс өңірлерінде температуралық фон түнде 30-38, күндіз 20-28 аяз күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 15-25-ке дейін, тауларда 30-35, күндіз 10-25 аяз болады, - делінген хабарламада.