Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкентте полицейлер жас келіншекті порнографиялық бейнероликтермен бопсалап келген

Экс-шенділер қылмыстық іс бойынша тергеуші және жедел-тергеу тобының мүшелері болған. Тергеп-тексеру нәтижесінде жәбірленуші жалған атпен модельдік агенттікте тіркелгені, оның әлеуметтік желілерде порнографиялық бейне және фотосуреттері бар екені анықталған6 деп хабарлайды Paryz.kz OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Шымкентте полицейлер жас келіншекті порнографиялық бейнероликтермен бопсалап келген
Фото: Polisia.kz

Сотталушылар материалдарды жәбірленушінің ата-анасына жіберіп, ал өзін қамауға аламыз деп қорқытқан. Сотталушыларға лауазымды тұлғалар тобында бопсалау арқылы пара алғаны үшін ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша айып тағылды.

«2023 жылғы 06 желтоқсанда Шымкент ҚПД-нің ғимаратындағы қызметтік бөлмеде жәбірленушіден 300 000 теңгені пара ретінде алған. Сотталушылардың тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді. Сотталушылар кінәларын толық мойындап, өздеріне айыппұл түріндегі жазаны тағайындауды сұрады», – делінген Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кінәлі тұлғаларға мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, ҚК-нің 55-бабы 3-бөлігі талабына сай, параның 35 еселенген мөлшерінде әрқайсына 10 500 000 теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды. Сотталушылар полиция майоры мен полиция лейтенанты шендерінен айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.