16 облыстағы 100 жол учаскесі жабық тұр

16 ақпан сағат 03:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының нашарлауына байланысты 16 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 100 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Paryz.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

16 облыстағы 100 жол учаскесі жабық тұр
Фото: Мухтар Холдорбеков/Kazinform

Жолдарды жабуға дауыл, қар, жел, боран, көрінудің шектелуі, өздігінен қар көшкіні қаупі, көктайғақ, ауа температурасының төмендеуі себеп болып отыр.

  • Абай облысы – 9 учаске
  • Ақмола облысы – 27 учаске
  • Ақтөбе облысы – 5 учаске
  • Алматы облысы – 1 учаске
  • Атырау облысы – 1 учаске
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 учаске
  • Жамбыл облысы – 1 учаске
  • Жетісу облысы – 1 учаске
  • Батыс Қазақстан облысы – 1 учаске
  • Қарағанды облысы – 8 учаске
  • Қостанай облысы – 11 учаске
  • Қызылорда облысы – 1 учаске
  • Павлодар облысы – 9 учаске
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 15 учаске
  • Түркістан облысы – 2 учаске
  • Ұлытау облысы – 3 учаске

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 149 бірлік техника мен 195 адам жұмылдырылған.