15.02.2024, 19:49

Оралда сатушылар мен студенттерді тонаған қылмыстық топ ұсталды

Фото: azattyg.ruhy

Орал қаласында қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар қаладағы сауда орталықтарының қызметкерлері мен оқу орындарының студенттерін тонап, ақша бопсалады деген күдікке ілінген.

«Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Уақытша ұстау изоляторына 4 күдікті қамауға алынды. Алаяқтық әрекеттерге барғандардың барлығы – колледж студенттері», - делінген хабарламада.

Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, ұстау бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

«Егер Сіз ұсталған тұлғалардан зардап шеккен болсаңыз, дереу полиция қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз», - деп ескертеді полицейлер.