Кейбір БАҚ қаңтар оқиғасына дейін Премьер-министр болған Асқар Маминнің Ұлттық Олимпиада комитеті президентінің қысқы спорт түрлері жөніндегі орынбасары болатынын жазып жатыр. ҰОК Спорт департаментінің директоры Елсияр Қанағатов осы ақпарат туралы пікір білдірді, деп хабарлады Paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
«Асқар Маминнің кандидатурасын ҰОК вице-президентігіне кім ұсынып жүр? Әлде, өз-өзін ұсынды ма?» - деп сұрады журналист Туризм және спорт министрлігінің алқа мәжілісінен кейін.
ҰОК өкілі қазір Париж Олимпиадасына дайындық жұмыстарына жауапты болғандықтан, бұл мәселеден хабары жоқ екенін айтты.
«Мен де білмеймін. Ол ақпаратты, айтып отырмын ғой, ассамблея өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелерімен айналысып жатқан азаматтар бар. Мен қазір штабта (Олимпиялық ойындарға дайындық жөніндегі штаб – ред.) жұмыс істеп жатырмын», - деді Елсияр Қанағатов.