Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде оған алматылық тұрғын ерекше сыйлық жасады деп хабарлады Paryz.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
Алматы тұрғыны шаһар басшысына қаладағы бірқатар түйткілді мәселені шешкені үшін алғысын жеткізді.
«Ең алдымен, электр есептегіштер құны 141-ден 115 мыңға дейін төмендегені үшін, үш фазалы және бір фазалы есептегіш үшін алғысымды білдіремін. Бір ғана қыркүйек айында 90 млн астам теңге үнемделді. Бұдан бөлек, автобус жолағын жасадыңыз, Ақжар және Шұғыла ықшам аудандарының тұрғындары атынан көшені ұзартып бергеніңіз үшін рахмет айтамын. Бұл аумаққа орталық су құбыры мен кәріз жүйесі де тартылады. Сіз әрбір мәселеге жауапкершілікпен қарадыңыз», - деді алматылық.
Қала әкімінің жұмысына риза болған тұрғын картина сыйлады. Онда бетон блоктарын көтеріп тұрған Ерболат Досаев бейнеленген.
«Мені Антикор алып кетсе ше? Сыйлыққа рахмет, оны әйеліме беремін», - деп күлді Ерболат Досаев.