Алматыда студенттердің медициналық құпияны құрайтын жеке деректері мен мәліметтерін тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.
«14 ақпанда Бостандық ауданының полиция басқармасымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің медициналық құпияны құрайтын жеке деректер мен мәліметтерді тарату фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы (жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.