Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алдағы күндері 38 градус аяз болады

Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 15-17 ақпанға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алдағы күндері 38 градус аяз болады
Фото: Baq.kz

Еліміздің басым бөлігінде аяз болжануда. Арктикалық антициклон Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан жылжиды және республиканың көп бөлігін біртіндеп қамтып, аязды ауа-райын әкеледі. 

15 ақпанда шығыста, 16 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ пен бұрқасын болжанады.

Батыста ауа температурасы түнде 12-30 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 аязға дейін, 16 ақпанда шығыста 18-35 аязға дейін, оңтүстікте 10-30 аязға дейін, 17 ақпанда оңтүстік-шығыста 15-28 аязға дейін төмендейді деп болжанып отыр.