Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Павлодарда көпқабатты үйден құлаған әйел көз жұмды

Павлодарда көпқабатты үйден құлаған әйел ауыр жарақаттан ауруханада қайтыс болды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Павлодарда көпқабатты үйден құлаған әйел көз жұмды
Фото: pavlodarnews.kz

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, зардап шеккен қала тұрғыны ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін қолда бар жағдайдың бәрін жасағанымен өкінішке қарай, әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Әйел ауруханаға түскеннен кейін үш сағаттан соң қайтыс болды, – деді дәрігерлер.

Қайтыс болған адам 51 жаста болған. Жедел жәрдем қызметіне қала тұрғынының көпқабатты үйден құлап кеткені туралы шақырту 13 ақпанда сағат 17:03-те түскен. Дәрігерлер оқиға орнында төрт минуттан кейін барған. Куәгерлердің айтуынша, әйел адам көпқабатты үйдің терезесінен құлаған.