Соттың үкімімен Астана тұрғыны құмар ойындарға ақша жұмсау үшін алаяқтық жолға түсіп, нәтижесінде 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Кінәлі әйел ЖШС-ның бухгалтері бола отырып, мекеме иелеріне шет елге тиімді инвестициялар салу туралы жалған айтып, оларды алдау арқылы 385,9 млн. теңгеден астам қаражатын иемденген.
Сотталған адам ұрланған ақшаның басым бөлігін казинода ұтылған.
Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды ақылға шақыра отырып, теріс бейімділікке бармауды ескертеді.