Қазақстанда киік ату тоқтатылды

Қазақстанда киік ату 10 ақпаннан бастап тоқтатылды, мамыр айында ақбөкендер қайта есептеледі, деп хабарлады экология министрі Ерлан Нысанбаев.

Қазақстанда киік ату тоқтатылды
фото: Альберт Салемгереев

Бұған дейін Нысанбаев биологиялық негіздемеге сілтеме жасай отырып, киік ату 20 ақпанда аяқталады деген болатын.

Болжам бойынша жануарлардың саны 2,5-2,6 млн.

Министрдің айтуынша 42 мың бас киік атылған, бұған дейін 337 мыңға дейін жоспарлаған.

Халықаралық табиғатты қорғау одағы (IUCN) ақбөкенді "жойылып кету қаупі төнген" санатынан Халықаралық қызыл тізімдегі "қауіп төнген жағдайға жақын" санатына ауыстырғанын жариялаған болатын.

Экология министрлігі 2006 жылдан бастап жалпы киік мекендейтін жерлерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанын және ауданы 5 млн га кеңейтілгенін айтты. Оның ішінде Бетпақдала популяциясын қорғау үшін "Ырғыз-Торғай", "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваттары және оралдық ақбөкендер үшін "Бөкейорда" резерваты бар.

"Киіктің әлемдік популяциясының 98%-тен астамы біздің елде шоғырланған", - делінген хабарламада.

2006 жылдан бастап Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Түрікменстан арасында киікті сақтау, қалпына келтіру және орнықты пайдалануға қатысты өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде уағдаластықтар қолданылып келеді.