Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Лотереядан 130 млн теңге ұтып алған қазақстандықтар ұтысын алуға келмеді

Туризм және спорт вице-министр Мирас Төлебаев былтыр лотереяның әділетсіз өткеніне қанша шағым түскенін айтты.

Лотереядан 130 млн теңге ұтып алған қазақстандықтар ұтысын алуға келмеді
Фото: Pixabay

«Ұтылғандарға келсек, бұл жерде жағдай түбірімен басқаша. Керісінше, ұтылғандар лотерея операторына жаппай ақпараттық шабуыл жасап, министрлікке шағым түсіреді. Біз өз кезегімізде әр шағымды жеке зерттеп, оператормен бірге дауды медиация арқылы шешуге тырысамыз», — деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде. 

Оның сөзінше, былтыр осындай 36 шағым болған.

«Тағы бір маңызды жайт — жарты жылдың ішінде ұтысын алмау фактілері бар. Ондай ұтыстар мемлекет бюджетіне жіберіледі. Бүгіндей ондай ұтыс көлемі 130 млн теңгеден асып отыр», — деді Мирас Төлебаев.