Қазақстандықтарға ескерту жасалды

Үйдің маңы мен шатырдағы қарды уақытында тазартып отыру керек. Уақытында шығарылмаған қар өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін, деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қазақстандықтарға ескерту жасалды
Фото: adm-severouralsk.ru

Мамандар өңірдегі тұрғындарға ескерту жасап, қауіптің алдын алуға шақырды.

Облыс аумағында қардың көп жаууына байланысты үйдің маңайындағы және шатырдағы қарды тазарту жұмысын күшейту керек. Себебі, үйдің төбесіндегі қар еріп, су өткізгіш жүйесі бұзылуы мүмкін. Сондай-ақ жиналған қардың тығыздығы жоғары және салмағы ауыр болады. Салдарынан үйдің төбесі құлауы да ықтимал.

Мұзға айналған қар кенеттен төменге сырғыса, адам өміріне өте қауіпті. Сонымен қатар ол көліктер мен басқа мүліктерді зақымдауы мүмкін, - деп жазылған хабарлама.