Еліміздің автожолдарында 1272 адам құтқарылды және эвакуацияланды, деп хабарлайды Paryz.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, ауа райының нашарлауына байланысты 11 өңірде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалыс жабық. Сондай-ақ республикалық маңызы бар 48 учаскеде жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалыс шектелген.
«Елдің көп бөлігінде ау райы нашарлаған сәттен бастап, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының, Астана қаласының жолдарында 1272 адам, оның ішінде 75 бала құтқарылды және эвакуацияланды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары мен Ұлытау облысының уақытша орналастыру пункттерінде 1107 адам орналасқан.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖ, ішкі істер және қорғаныс министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
ТЖМ мен оның аумақтық бөлімшелерінде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысын жалғастыруда, психологтарды тарта отырып, «жедел желі» телефондары жұмыс істейді.
ТЖМ дауылдың алдын алу кезеңінде және ауа райының нашарлауы кезінде:
«Автокөлікте төтенше жағдайда сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қалатын қажетті заттар болуы керек – дәнекерлеу шамдары, кабельдер, доңғалақ тізбектері, күректер, парафинді шамдар, жылы киімдер, сондай-ақ қажетті заттар, азық-түлік, су және жанар-жағармай қоры, телефонға арналған автокөлік зарядтағышы», - дейді төтеншеліктер.
Ауа райы жағдайының өзгеруі және жолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат «Дармен» мобильді қосымшасында, ТЖМ және ТЖД әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді.