Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қарағанды облысында белгісіз аурудан жылқылар қырылып жатыр

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Төрткөл ауылында жылқылар қырылып жатыр. Жануарларда іріңді жара дерматиті пайда болып, ауру жылқылар көп ұзамай өліп жатыр. Белгісіз инфекцияны анықтау үшін сынамалар алынды, деп хабарлайды Paryz.kz Кazinform сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында белгісіз аурудан жылқылар қырылып жатыр
Фото: Константина Шелкова

Әлеуметтік желілерде мал өлімі туралы роликтер пайда болды. Бейнедегі жылқы иесі жануарлардың аяғындағы іріңді жараны байқаған. Бұл жаралар жылқының бүкіл денесіне тарап кетеді екен. Ауданның ветеринарлық инспекциясы талдау үшін сынама алды. Қазіргі уақытта мамандар сол сынамалардың нәтижесін күтіп отыр.

«Төрткөл ауылындағы жағдай бойынша эпизоотиялық лимфангитке тән белгілері бар үш жылқыдан сынамалар алынып, зерттеу үшін зертханаға жеткізілгенін хабарлаймыз. Аурудың бұл түріне негізінен жылқылар пен есектер шалдыққыш келеді. Бұл ауру тек осы жануарлардың түрлеріне тән», - деді «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ басшысы Қайрбек Тұрсынбеков.

Сондай-ақ, өңірдің ветеринарлық қызметі эпизоотиялық лимфангит диагнозы расталса, Төрткөл ауылында карантин режимі енгізілетінін мәлім етті. Белгіленген карантиндік режим шеңберінде ауру немесе қырылған жануарлар тәркіленіп, жойылады. Сондай-ақ, заңнама шеңберінде қолданылатын нарықтық құн мөлшерінде өтемақы төленетін болады.

Ауру жануарлардың иелері атап өткендей, мұндай инфекция бұрын көрші ауылда расталған. Осы екі ауылдың малдары бір жайылымда жайылады екен. Ол кезде лимфангит диагнозы расталып, қырылған жылқылардың иелеріне өтемақы төленген.