08.02.2024, 13:00

Түркістанда екі баласын өлтірді деген әйел ұсталды

фото: ПД

Түркістан облысында екі баласын өлтірді деген әйел ұсталды. Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда», - деп хабарлады Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

Еске салсақ, Түркістан облысындағы тұрғын үйден екі баланың денесі табылған болатын. Кейін оларды өлтірген анасы болып шықты.