08.02.2024, 09:54

Түркістанда жалдамалы пәтерден екі баланың мәйіті табылды

фото: egemen.kz

Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың мәйіті табылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.

Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда. Тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұраймын, - деді Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.