Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр биыл 1 наурыздан бастап «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы іске қосылатынын айтты, деп хабарлады
«9-20-25» бағдарламасы іске қосылады. Бағдарлама республика бюджеті және «Отбасы банк» есебінен қаржыландырылады. Сондықтан Әлихан Асханұлы (бұрынғы премьер-министр) айтқан мәселе пысықталды. Ол белгіленген мерзімде іске асырылады», - деді Роман Скляр Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін.
Журналист «Демек, бағдарлама 1 наурыздан бастап іске қосылады деп ойлайсыз ба?» деп сұрағын нақтылады. Роман Скляр журналистің сауалына басын изеп, жаңа ипотекалық бағдарлама наурыздан бастап іске қосылатынын үнсіз растады.
Еске салайық, 2018 жылы іс қосылған «7-20-25» бағдарламасы 2023 жылға дейін үздіксіз жұмыс істеп тұрды. 2023 жылы да жалғасты, алайда ипотека беруге бірқатар өзгеріс енгізілді. Мәселен, бағдарлама бойынша жылына 100 млрд теңге ғана бөлініп, ол 12 айға бөлінді. Содан кейін ипотека рәсімдеуге қатысты мәселе туындай бастады.