Қытайдың Жаңа жыл мерекесіне орай 9-11 ақпан күндері Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,- делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.