Еліміздің 6 облысында жолдар жабылды

Бүгін сағат 09:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 23 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Еліміздің 6 облысында жолдар жабылды
фото: alataunews.kz

Ақтөбе облысында 11 учаске:

  1. «Самара - Шымкент» 526-610 шақырым, БҚО шекарасы - Қобда кенті – 84 шақырым.
  2. «Самара - Шымкент» 773-965 шақырым, Бекқұл Баба кенті - Қарабұтақ кенті – 192 шақырым.
  3. «Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы» 97-255 шақырым, Қандыағаш қаласы - Қарауыкелді кенті – 158 шақырым.
  4. «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» 0-150 шақырым, Қандыағаш қаласы - Бершоғыр кенті – 150 шақырым.
  5. «Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы» 46-97 шақырым, Алға қаласы - Қандыағаш қаласы – 51 шақырым.
  6. «Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы» 13-46 шақырым, Ақтөбе қаласы - Алға қаласы – 33 шақырым.
  7. «Ақтөбе - РФ шек (Орск)» 39-136 шақырым, Шәмші Қалдаяқов кенті – РФ шекарасы – 97 шақырым.
  8. «Самара - Шымкент» 610-702 шақырым, Қобда кенті – Маржанбұлақ кенті – 92 шақырым.
  9. «Ақтөбе - Мәртүк - РФ шекарасы» 22-64 шақырым, Эко Ойл ЖҚС - Лидер ЖҚС – 42 шақырым.
  10. «Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы» 255-330 шақырым, Қарауыкелді кенті - Атырау облысының шекарасы – 75 шақырым.
  11. «Самара - Шымкент» 965-1153 шақырым, Қарабұтақ кенті - М-32 және А-26 жолайырық– 188 шақырым.

Жетісу облысында 1 учаске:

  1. «Үшарал - Достық» 84-184 шақырым, Көктұма станциясы - Достық станциясы – 100 шақырым.

Батыс Қазақстан облысында 7 учаске:

  1. «Орал - Тасқала - РФ шекарасы» 4-104 шақырым, Орал қаласы - РФ шекарасы – 100 шақырым.
  2. «Атырау - Орал» 189-492 шақырым, Атырау облысының шекарасы - Орал қаласы – 303 шақырым.
  3. «Самара - Шымкент» 266-526 шақырым, Подстепное кенті - Ақтөбе облысының шекарасы – 260 шақырым.
  4. «Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы» 0-36 шақырым, Подстепное кент - Федоровка кенті – 36 шақырым
  5. «Самара - Шымкент» 195-246 шақырым, РФ шекарасы - Сырым бекеті – 51 шақырым.
  6. «Чапаево - Жалпақтал - Қазталовка» 0-213 шақырым, Чапаево кенті - Қазталов кенті – 213 шақырым.
  7. «Орал - РФ шекарасы(Бұзылық)» 5-33 шақырым, Орал қаласы - РФ шекарасы – 28 шақырым.

Қостанай облысында 1 учаске:

  1. «Жезқазған - Петропавл» 252-335 шақырым, Ұлытау облысының шекарасы - Арқалық қаласы – 83 шақырым.

Солтүстік Қазақстан облысында 1 учаске:

  1.  «Мамлютка - Қостанай» 23-159 шақырым, Становое ауылы - Макарьевка ауылы – 136 шақырым.

Ұлытау облысында 2 учаске:

  1. «Жезқазған - Петропавл» 137-252 шақырым, Ұлытау кенті - Қостанай облысының шекарасы – 115 шақырым.
  2. «Қызылорда - Павлодар» 433-756 шақырым, Жезқазған қаласы - Жаңаарқа кенті – 323 шақырым.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 246 техника және 359 жолшы жұмылдырылды.