Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Павлодарда балаларға мерзімі өтіп кеткен вакцина салған

Павлодар облысының прокуратурасы егу науқанын жүргізу заңдылығына медициналық ұйымдарды тексереді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Павлодарда балаларға мерзімі өтіп кеткен вакцина салған
Фото: qov.kz

21 млн. астам сомаға 9,5 мыңнан астам вакцинаны ұтымсыз пайдалану фактілері анықталды. 

Атап айтқанда, Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан дәрі-дәрмектер өтіп кеткен жарамдылық мерзімімен медициналық мекемелерге жіберілген.

Павлодар емханаларының біріне «Пентаксимнің» 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді.

Тағы бір жағдайда мерзімі өткен препараттармен 2 бала вакцинацияланған.

Қарсы тексеруде кәмелетке толмағандарды қызылшаға қарсы жалған вакцинациялау фактілері анықталды.

Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттар жойылды, кінәлі адамдар жауаптылыққа тартылды.