05.02.2024, 12:28

Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Фото: Ақорда

7 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды paryz.kz. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады», - делінген хабарламада.