Әлеуметтік желіде ер адамның балаларға шабуыл жасаған видео тарады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Аталып өткендей, оқиға Астанада «Эдем палас 2» ТК кіреберісінде болған. Ер адам үш балаға шабуыл жасап, біреуін бетінен ұрып, екіншісін теуіп, үшіншісін тұншықтырған.
Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
«Байқоңыр ауданының полиция басқармасы осы үйдің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.