Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстанда қатерлі ісіктің ең көп тараған түрі қандай, оны қалай емдейді?

Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады, – деп хабарлайды Paryz.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда қатерлі ісіктің ең көп тараған түрі қандай, оны қалай емдейді?

2023 жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық есепте 218 мың қазақстандық тұр, онкологиядан 12 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Қазақстанда ең көп таралған обырдың түрлері: сүт безі обыры, колоректалдық  обыр, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) кіретінін атап өтеді.

Ересектерге онкологиялық көмекті республикалық ұйымдар – "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ, "Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық" АҚ, 15 онкологиялық орталық, көпбейінді ауруханалардың жанындағы 5 онкологиялық бөлімшеде ала алады:

- Ақтөбе қалалық М. Оспанов атындағы БҚМУ жанындағы онкология бөлімшесі;

- Жезқазған қаласындағы ОА жанындағы онкологиялық бөлімше;

- Ақмола облысының КОА құрамындағы бөлімше;

- Түркістан облыстық көпбейінді ауруханасының құрамындағы онкология бөлімшесі;

- Солтүстік Қазақстан облысындағы көпбейінді аурухананың жанындағы онкологиялық бөлімше.

Сондай-ақ егер пациентте онкологиялық және гематологиялық ауруға күдік туындаса, МСАК-та пациенттерге 18 жұмыс күні ішінде консультация және тексеру алуға мүмкіндік беретін "жасыл жол" бағыты енгізілген.

Қазіргі уақытта Қазақстан халқы үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі тегін жүргізіледі, олар емханаларда қолжетімді:

1) сүт безі обырына скрининг (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 2 жылда 1 рет)

2) жатыр мойны обырына скрининг (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 4 жылда 1 рет)                           

3) колоректалдық обырға  скрининг (ерлер мен әйелдер 50 жастан 70 жасқа дейін, 2 жылда 1 рет).

Қатерлі ісік – әлемдегі ең таралған және қауіпті аурулардың бірі. Жасушаның қалыптан тыс өсуі мен бөлінуіне байланысты пайда болатын қатерлі ісік әртүрлі органдар мен тіндерге әсер етуі мүмкін. Қатерлі ісіктің негізгі себептері әртүрлі болуы ықтимал және оларды түсіну тиімді алдын алу әдістерін әзірлеу үшін өте маңызды.