Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Ұсталса, бірден қамалады": Tengri Bank менеджерлеріне халықаралық іздеу жарияланды

2020 жылдың қыркүйегінде Tengri Bank банктік лицензиясынан айырылды.

"Ұсталса, бірден қамалады": Tengri Bank менеджерлеріне халықаралық іздеу жарияланды
фото: дереккөз

Қаржы мониторингі агенттігі Tengri Bank-тің бұрынғы қызметкерлеріне іздеу жариялады, деп хабарлады paryz.kz, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Tengri Bank" АҚ Әкімшілік-экономикалық департаментінің бұрынғы директоры - 1977 жылы туған Алмас Бақытұлына іздеу жарияланды. Сондай-ақ, оның қарамағындағы компаниялардың бірінің бұрынғы басшысы, 1991 жылғы Рахметова (Байжанова) Тоғжан Тілеужанқызына іздеу салынады. Іздеу түрі - халықаралық, бұлтартпау шарасы - қамауға алу.

Қаржы мониторингі агенттігі бұл адамдардың орналасқан жері туралы білетіндер болса, онда мына телефондарға хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 708-478 немесе 8 777 111 93 77.

2020 жылдың қыркүйегінде Tengri Bank банктік лицензиясынан айырылды. Экономикалық тергеу қызметі Tengri Bank басшылығына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. "Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап ету" бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.