02.02.2024, 13:09

Еліміздің үш облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Фото: azattyg.ruhy

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 3 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ» баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда:

Жамбыл облысында – 2 учаске:

«Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі а. – Түркістан обл.шек. – 59 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады; «Алматы-Ташкент-Термез» 159-476 км, Кенен а. – Ақшолақ а. – 317 км. Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді  (бұрқасын, шектеулі көрініс);

Жетісу облысында – 1 учаске:

«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Түркістан облысында – 1 учаске:

1. «Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 км, Жамбыл обл. шек.- Машат к. – 59 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (Жамбыл облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).

Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 893 бірлік арнайы техника және 1145 жолшы жұмылдырылды.