Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматы облысында ВИЧ жұқтырған 9 жастағы бала қайтыс болды

Алматы облысында ВИЧ инфекциясын жұқтырған 9 жастағы бала комаға түсіп, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz  qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап

Алматы облысында ВИЧ жұқтырған 9 жастағы бала қайтыс болды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Дәрігерлер, балаға ата-анасы қажетті дәрі-дәрмекті бермеген, соның салдарынан қайтыс болды деп отыр. Шамамен бір ай бұрын баланың денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Бірақ беті бері қарамаған. Дәрігерлердің айтуынша, баланың ата-анасына 2016 жылы ВИЧ диаогнозы қойылған. Сол кезде-ақ нәрестені анасы енесінің қатаң нұсқауымен емізген, дейді мамандар.

«Оның ата-анасының диагнозы 2016 жылдап бастап бізде тіркелді. Осы баланың да біз диагнозын 2016 жылы қойдық. Бала мен ата-анасы біздің орталықта есепте тұрды. Бірақ ата-анасы да әжесі де осы диагнозды қабылдаған жоқ. Осы диагноз оларда жоқ деп айтып, бізде ем алған жоқ. динамикалық бақылауға ем алмаған бала», - дейді қазақ дермотология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы клиникалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Сайрангүл Қасымбекова.