1 ақпан сағат 18.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Жамбыл облысында – 1 учаске
1. «Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі а.
– Түркістан обл. шек.– 59 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс).
Жетісу облысында – 1 учаске
1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст.- 100 км (бұрқасын, шектеулі көрініс).
Қостанай облысында – 1 учаске
1. «Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. – 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
Түркістан облысында – 1 учаске
1. «Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 км, Түркістан обл. шек.- Машат к.– 59 км. (Жамбыл облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
Ұлытау облысында – 1 учаске
1.«Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к.-Қостанай обл. шек.– 115 км. (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс)
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 773 бірлік техника және 1522 жолшы жұмылдырылды.