01.02.2024, 13:00

Анасының атына несие рәсімдеген қыз тергеліп жатыр

Фото: paryz.kz

Ақтөбеде өз анасының атына несие рәсімдеген қыз анықталды, деп хабарлады paryz.kz. 

Полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны өзінің атына белгісіз адамдардың несие рәсімдегені туралы арызданды. Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында жәбірленушінің өз қызының 2023 жылдың жазында анасының телефонынан екі банктен 5 млн теңгеден астам сомаға несие рәсімдегенін анықтады.

Жәбірленуші несие туралы банктерден төлемдердің кешіктірілгені туралы хабарламалар келген кезде білген. Қызы кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.