Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Қаржыны талан-таражыға салып отыр»: депутат спорттағы олигархтарды қуып жіберу керек деп санайды

Орта Азия елдерінің ішінде Қазақстан билігі бюджеттен спортқа өте көп ақша бөледі. Алайда спорттағы жетістік бойынша нәтижелер төмен, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Қаржыны талан-таражыға салып отыр»: депутат спорттағы олигархтарды қуып жіберу керек деп санайды
Коллаж: Azattyq Ruhy

Елімізде спортты дамытуға, спортшыларды дайындауға жылына бір миллиард доллар бөлінеді. Бірақ көрсеткіш көрші Өзбекстанға да жетпейді. Мәжіліс депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Ерлан Саиров спорттағы олигархтарды шеттету мәселесін көтерді. 

«Спорт процесінен олигархтардың барлық қолхатшыларын алып тастау керек. Құлыбаев бар, оның айналасындағы жүрген спортшылардың барлығы елдің спортына зиянын тигізіп жүр. Құзырлы министрліктердің спорттағы олигархтарды қуып жіберетін күш-жігері бола ма? Олигархтар мен оның туыстары, достары әртүрлі федерацияларды ашып Қазақстан бюджетінің қаржысының тоз-тозын шығарды», - деді ол.

Мәжілісте спорт жайлы заң жобасы таныстырылып жатыр. Депутат атағандай, Қазақстан спорт саласы бойынша көрші Өзбекстаннан қалып қойды. Ол Туризм және спорт министрлігіне ұсыныс жасады.

«Қазақстан спортқа 1 млрд доллар бөледі. Орталық Азиядағы басқа көршілеріміз ондай соманы түсінде де көрмеген. Бірақ олардың рейтингі жоғары. Осы қаржыны басқалар талан-таражға салып жатыр. Қазақстанның олимпиадалық спортына бюджеттен ашы бөлу керек. Ұлттық спортты дамытуға қаржы бөлу керек. Басқа федерациялар бюджеттен тыс істей берсін. Бірақ біздің мемлекетіміздің қаржысы жоғарғы жетістікке жететін олипиадалық спортты дамытуға кетуі керек. Аймақтағы азаматтар да осы мәселені айтып отыр», - деді Саиров.

Мәжілісте Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы таныстырылып жатыр.