Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы «Алматы-Ташкент» тасжолында бүгін таңертең ірі жол апаты болып, 25 адам ауруханаға түсті. Оның арасында бір бала бар, деп хабарлайды Paryz.kz.
Әлеуметтік желідегі мәліметке сүйенсек, апат ауа райының күрт нашарлауына байланысты аудандағы Нұрлыкент ауылына 2 шақырым жетпей болған. ТЖД хабарлағандай, қатарынан 26 көлік (жеңіл көліктер, жүк көліктері мен жолаушылар автобусы) соқтығысқан.
Желіде тараған видеодан қыстың қара суығымен күресіп, дірдектеген жолаушыларды көруге болады.
Қуантарлығы, апат салдарынан қаза тапқандар жоқ. Нұрлыкент ауылының «Мәдениет үйі» жылыту пунктіне 39 адам жеткізілді.