Журналистер Мәжілістің кулуарында министрден топ болып 8-сынып оқушысын зорлағандар жайлы сұрады.
ІІМ басшысы мұндай факті бар екенін растап, қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.
Өкінішке қарай, мұндай факті болды. Біз ұсталғандардың, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың кім екенін бірден анықтадық. Қазір қылмыстық іс қозғалып жатыр. Төрт кәмелетке толмаған бала ұсталды, - деді Сәденов кулуарда.