Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Жақсылық Досқалиев шетелге берілген балалардың бақытын байламауын сұрады

Adal Adam youtube арнасына екі мәрте денсаулық сақтау министрі болған Жақсылық Досқалиев шетелдіктердің бала асырап алуына қатысты көзқарасын жеткізді.

Жақсылық Досқалиев шетелге берілген балалардың бақытын байламауын сұрады
Фото: видеодан скриншот

Экс-министрдің айтуынша, шетел азаматтары Қазақстаннан асырап алған балалардың бар жағдайын жасап отыр. Сондықтан, жетімдердің бақытын байлауға болмайды.
«Америкалықтар ауру балаларды асырап алып, оларды емдеп, қоғамға кіргізіп, білімін беріп, осы қоғамда ары қарай өмір сүре алатын жағдайға жеткізіп отыр. Біздің балалар үйлері оны жасай алмайды. Рас айтамын. Бізде сал ауруын емдейтін орталық болғанымен, толық емделіп кететін жағдайлар жоқ. Оны түсіну керек. Сал аурумен ауыратын балалардың буындары, сіңірлері қатып қалады, бірнеше ота жасау керек болады. Соның қаражатын төлеп жасап отыр ғой», ‒ дейді ЖАқсылық Досқалиев.