Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Әскерден жаппай кетіп жатыр»: Қорғаныс министрлігі алаңдататын мәселені көтерді

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас шатабының бастығы Сұлтан Қамалетдинов Мәжілісте өткен комитет отырысында Қарулы күштердің жағдайы жөнінде айтып берді, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

«Әскерден жаппай кетіп жатыр»: Қорғаныс министрлігі алаңдататын мәселені көтерді
фото: Арман Мухатов

Ол алаңдататын мәселе бар екенін айтып, статистиканы жариялады.

Әскери қызметшілердің әскерден жаппай кетуі ерекше алаңдатып отыр. Жыл сайын олардың саны азаймай отыр. 2020-2023 жылдар аралығының өзінде Қарулы Күштерден 17 065 әскери қызметші босатылды, оның ішінде 4 301 офицер және келісімшарт бойынша 12 764 әскери қызметші бар. Салыстырып қарасақ, бұл шамамен 15 бригаданың санына тең, - деп айтты Қамалетдинов Мәжілісте.

3 жылда мынадай әскерилер жұмыстан кеткен:

- 4 301 офицер;

- Келісімшарт бойынша 12 764 әскери;

- Денсаулық жағдайы және шекті жасқа жетуі бойынша – 5 289, оның ішінде 1 926 офицер;

- Келісімшарт бойынша 3 363 әскери қызметші;

- Басқа себептер бойынша– 11 776, оның ішінде 2 375 офицер.

- Келісімшарт бойынша 9 401 әскери қызметші.

Сұлтан Қамалетдинов атап өткендей, бүгінде Армияны әскери қызметкерлермен қамтамасыз ету кәсіби дайындалған кадрлардың жоғалуын өтемейтінін ескеру қажет. Осы кезеңде Қарулы Күштер қатарына 14 311 әскери қызметші қосылған.