Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Танымал дәрігер Назарбаевтың бала-шағасы Қазақстанда неге емделмейтінін айтты

Назарбаевтың тұсында денсаулық министрі болып қызмет атқарған Жақсылық Досқалиев бұрынғы экс-президенттің отбасы мүшелерінің медицинаға арласпағанын айтып өтті.

Танымал дәрігер Назарбаевтың бала-шағасы Қазақстанда неге емделмейтінін айтты
Фото: видеодан скриншот

Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында ол бірінші президенттің бала-шағасының отандық емханаларда неге емделмейді деген сұрағына жауап берді.

«Біздің Конституцияда айтлығандай әркім өзінің құқығы қаражаты болса, шетелде емделеді, қаражаты болмаса, елде емделеді. Мәжбүрлеп мында келіп емдел деп айта алмаймын. Бірақ Медцентр, управделами президента деген бар осында. Ол жерде депутаттар, үкімет мүшелері, солардың семьясы, бүкіл мемлекеттік қызметкерлер емделеді», - деді Досқалиев.

Сонымен қатар, Жақсылық Досқалиевтың бұрынғы президенттің отбасы мүшелері медицина саласына араласпағанын айтты.

«Ондайды көрген жоқпын. Осы жерде былай, осы жерде былай дегенін көргенім жоқ. Бірақ айта кететін нәрсе. Алматыда Қазақ-Ресей медициналық университеті бар. Соған жылжымалы диагностикалық кешенді Дариға Назарбаева өзінің қаражатына сатып алып берді», - деді бұрынғы министр.