Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Назарбаев кезінде министр болған Досқалиев Тоқаев реформаларын қалай бағалады

Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында Назарбаев тұсында екі мәрте денсаулық сақтау министрі болған Жақсылық Досқалиев қазіргі кездегі медицина саласындағы реформаларды оң бағалады.

Назарбаев кезінде министр болған Досқалиев Тоқаев реформаларын қалай бағалады
Фото: видеодан скриншот

Досқалиев Тоқаевтың президенттігі басталғанына небәрі 4 жыл болғанын ескертті.
«Бұл мерзімнің ішінде көп қиындықтарға тап болды, оның ішінде пандемия. Пандемияда қаншама адам қырылып қалды. Сол кезде жедел бір айдын ішінде инфекциялық корпустар салынды. Құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Шетелден мамандар келіп, көмек берді. Карағандыда Рейсейдің «Спутник» вакцинасы шығарылды. Жамбылда завод салынды. Қысқа мерзімде Қазақстаннан өзінің вакцинасын шығарды. Сол вакциналарды біздер алдық. Бұдан басқа ауылдық медицина дамып жатыр. Онкологиялық бағдарлама қабылданды. Әрбір облыста онкодиспансерлер кейбір жерлерде қайтадан салынады, кейбір жерде ремонт болады. Бес жылға қабылданған бағдарлама бар. Астанада наурыз айында, сәуірде мүмкін, жаңа осы Орта Азияда болмаған онкоцентр ашылады. Бұл жерде тек қана қазақстандықтар емес, шетелдіктер де келіп, ем алады», ‒ деді Досқалиев. 
Ол ұсақ-түйекке мән бермейтінін жеткізгісі келді.
«Мен іріден тұрайтын адаммын. Мысалы, қазір жаңа бағдарлама қабылдады, мысалы ФАП салу, дәрігерлік амбулатория, ауданаралық ауруханалар салу, құрал-жабдықтар, телемедицинамен қамтамасыз ету. Қазақстанда 42 пайыз адам ауылдарда тұрады. Сол жұмыстар қазір жүріп жатыр, іске қосылып жатыр», ‒ деді Жақсылық Досқалиев.