Синоптиктер 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, әлі де ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Тек кей өңірде жауын-шашын (көбінесе қар түрінде), оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, боран, оңтүстік-шығысында, оңтүстікте көктайғақ болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, аздаған қар жауады, жел 2-7 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -21...-23°C, күндіз -12...-14°C болады.
Алматыда бұлтты, кей жерлерде қар, көктайғақ, тұман болады, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз -1...+1°C болады.
Шымкентте бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +5...+7°C болады.