Мақтаарал аудандық білім бөлімінің есепшілеріне 1,2 млрд теңге және Бәйдібек аудандық білім бөлімінде 600 млн теңгені заңсыз иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
2 ауданда мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында іс бойынша айыпталушыларға қатысты тергеу әрекеттері мен тінту жұмыстары жүргізіліп, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды.
Іс бойынша күдіктілер 120 млн теңге келтірілген шығынды өз еркімен өтеді.