Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті өздерінің Майқайың кенішіне көріпкелдің келуіне еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Бұған департаменттің еш қатысы жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдары көріпкелдің келуіне кедергі болмады. Ол қауіпсіз жерде болды. Құтқарушылардың жұмысына кедіргі келтірген жоқ. Көріпкел ол жерге жақындамады, – деді департамент өкілдері.
Еске сала кетсек, бұған дейін төтенше жағдайлар министрлігі іздеу жұмыстарына шетелдік мамандарды тарту талап етілмейтінін хабарлаған болатын. 18 қаңтарда экскаватордың көмегімен автобус корпусының бір бөлігі, жоғалған адамдардың құтқару жабдықтары мен жеке заттары табылды.