24.01.2024, 09:10

Алматыдан 250 шақырымда 4,9 балдық жер сілкінісі болды

Фото: скриншот

Алматыдан 250 шақырымда жер сілкінісі болды, деп хабарлады Paryz.kz.  

Жерасты дүмпулерін сеймикалық стансалар желісі Астана уақытымен 24 қаңтарда сағат 07:35-те тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырымда Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетический класы 11.3. MPV магнитудасы 4.9», делінген хабарламада.

Қазақстанда сезілгендігі туралы ақпарат жоқ.