Бүгін телеарналар мен радиолар жұмыс істемейді

Бүгін елімізде телерадио кешендері жұмыс істемейді, деп хабарлады «Қазтелерадио» АҚ.

Бүгін телеарналар мен радиолар жұмыс істемейді
Фото: ferra.ru

Компания мәліметінше, телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету үшін компания тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервисті тоқтатып, жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізеді.

Осыған байланысты ертең, 24 қаңтарда түнгі сағат 3:00 мен кешкі сағат 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабары таратылмайды. Уақытша қолайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз, - деп жазылған «Қазтелерадио» АҚ таратқан хабарламада.