«Ойлан, тәубеңе кел». Депутат жер сілкінісі туралы айтты

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Instagram желісінде Алматыда болған жер сілкінісіне қатысты пікір білдіріп, жазба жариялады деп хабарлайды paryz.kz. 

«Ойлан, тәубеңе кел». Депутат жер сілкінісі туралы айтты
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты, жер сілкінісі ескерту екенін айтады.

Талайды тәубесіне келтірген күн. Осы түн соңғы түніміз болғанда не істер едік? Бұл Алланың кішігірім ескертуі. Ойлап қараңызшы: жер бұдан да қатты сілкінгенде бүгін қандай хәлде болар едік. Аллаға шүкір! Бұл Алланың мейірімі деп түсіну қажет. Өйткені  үлкен ескерту келмес бұрын кіші ескерту, үлкен азап келмес бұрын кіші азап келеді. Адамдар шарасызбыз, қолымыздан түк келмейді, сөйте тұра тәкаппармыз. Ойлан, тәубеңе кел, - деді Назаров.