Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

СҚО-да білім бөлімінің басшысы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында Тимирязев ауданының білім бөлімінің басшысы ұсталды. Ол 1,2 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Антикорға сілтеме жасаған Paryz.kz. 

СҚО-да білім бөлімінің басшысы ұсталды
фото: nur.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бірінші орынбасары Айдос Жүнісовтің айтуынша, ауданда екі мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Пара орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін берілген.

"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы ауданда құрылыс жұмыстарын жүзеге асырған мердігер ұйымның делдалынан 1,2 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Тимирязев ауданының білім бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдіктілер - пара беруші де, пара алушы да - тергеу сотының санкциясынан қамауға алынды", - деп түсіндірді Айдос Жүнісов.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.