23.01.2024, 10:19

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде сиреналар неге жұмыс істеген жоқ – ТЖД жауабы

Фото: tengrinews.kz

Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев қаладағы жер сілкінісі кезінде сиреналар неге қосылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Қаламызда шамамен 843 электр сирена бар, бұл 100 пайызға қамтиды. Сиреналар магнитудасы 5,5 балдан асатын тербелістерді сейсмостанциялар бекіткен кезде ғана іске қосылады. Ал 4-тен 5-ке дейінгі балл тіркелгенде сиреналарды қосудың қажеті де, мағынасы да болмады. Біздің шу шығарғымыз келмеді, менің ойымша, сирена қосылса, шу көп болар еді», - деді ТЖД басшысы.

Еске салайық, 23 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 00:09-да (қайталанып Алматыда сағат 00:42-де - 2 баллдық және 01:36-да сезілмей) болған жер сілкінісі еліміздің үш қаласы мен үш облысында сезілген.