Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Зейнетақыға салатын салық алынып тастала ма? - Смайылов жауап берді

Премьер-министр Әлихан Смайылов БЖЗҚ-дан жинақталған зейнетақы қаражатын алу кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) алып тастау туралы ұсынысқа жауап берді.

Зейнетақыға салатын салық алынып тастала ма? - Смайылов жауап берді
Фото: paryz.kz

Үкімет басшысы сенатор Бекболат Орынбековтің сауалына берген жауабында қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, жеке табыс салығы азаматтардың барлық табысына 10 пайыздық мөлшерлемемен есептелетінін айтты. Салық кодексінің 326-бабына сәйкес, салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кірістерге БЖЗҚ және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан түсетін төлемдер жатады.

Зейнетақы төлемдерінен ұсынылған сомаларды жеке табыс салығынан босатудың айтарлықтай бюджет шығыстарына әкеп соғатыны (2023 жылы 13,464 миллиард теңге, 2022 жылы 14,087 миллиард теңге) айтылды.

Сонымен қатар, туындап отырған мәселе халықаралық тәжірибені зерделеуді және талқылауды талап етеді. Қазір мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Осы жұмыс аясында зейнетақы жинағын беру кезінде жеке табыс салығын алып тастау мәселесі жан-жақты қарастырылады, - деп түсіндірді Әлихан Смайылов.