Елімізге Башқұртстан басшысы келеді

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Башқұртстан Республикасы басшысының Астанаға сапары туралы айтып берді, деп хабарлайды paryz.kz. 

Елімізге Башқұртстан басшысы келеді
Фото: akorda.kz

«2024 жылғы 23-24 қаңтарда Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировтың Астанаға сапары өтеді.Сапар аясында башқұрт делегациясы «Қазақстан-Башқұртстан» бизнес-форумына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Башқұртстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс тобының отырысына қатысады», - деді Айбек Смадияров.