Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Абылай Мырзахметов ісі: Прокурор сотты жабық режимде өткізуді ұсынды

Елордада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтің ісіне қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр. Прокурор сотты жабық режимде өткізуге өтініш берді.

Абылай Мырзахметов ісі: Прокурор сотты жабық режимде өткізуді ұсынды
Фото: atameken

Жоғарғы соттың 2002 жылғы 26 желтоқсандағы нормативтік қаулысының 6-тармағына сәйкес жариялылыққа тыйым салу туралы өтініш Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 29-бабының 1-бөлігі бойынша жәбірленушілердің, куәгерлердің, отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет кезде ғана қанағаттандырылуға тиіс. Кодекстің 29-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот талқылауының жариялылығын шектеуге жәбірленушінің, куәгерлердің, жақын туыстары мен сот отырысына қатысатын басқа да адамдардың қауіпсіздік мүддесін талап еткен жағдайда жол беріледі, — деді прокурор Бауыржан Шекенов.

Сондай-ақ, прокурор Қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңның 7-бабына сәйкес қорғалатын адамдардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында процесті жүргізетін орган жабық сот талқылауын жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын қолдануға құқылы екенін айтты.

Бүгін Астанада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов ісіне қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр.

Судья процесті фото, видеоға түсіруге тыйым салды.