Жетісайда жұмыссыз жігіттер екі мешіттен ақша ұрлаған

Жетісай аудандық полиция бөліміне мешіт қызметкері садақа жәшігіндегі ақшаның қолды болғаны туралы шағым түсірген, деп хабарлады Paryz.kz.

Жетісайда жұмыссыз жігіттер екі мешіттен ақша ұрлаған
фото: polisia.kz

Оның айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреу қайыр садақа салынған мешіт алдындағы темір жәшікті бұзып, ішіндегі ақшаны жымқырып кеткен.

Polisia.kz ақпаратынша, Ақпарат алысымен оқиға орнына жылдам жеткен тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде күдікке ілінген 18 жастағы 2 жұмыссыз жігіт анықталды.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жігіттер өзара сөз байласып, 02:30 шамасында екі бірдей мешітке ұрлыққа түскен. Содан садақа жәшігін темір құралмен бұзып ашып, ішіндегі ақшаларды жымқырған.

Қолды еткен ақшаны екеуара бөліп алған. Қазір күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.