Желіде оқушыларға берілген Қайрат Нұртастың гастрольде өткізген күнін есептеу бойынша тапсырмалар қызу талқыға түсті.
Есепті шығар. Қайрат Нұртас 18 күн гастрольде болды. Ол 12 күн бойына күнде 3 концерттен, екі күн 1 концерттен, ал қалған күндері 2 концерттен өткізді. Қайрат Нұртас қанша концерт көрсетті?, - деп жазылған оқушыларға берілген тапсырмада.
Оқу-ағарту министрлігі әлеуметтік желіде таралған ақпаратты жоққа шығарды.
Суретте көрсетілген "Құрылымы күрделі теңдеулер" тақырыбы бойынша берілген тапсырма – мұғалімнің қалыпты бағалауға әзірлеген жеке тапсырмасы. Ал қолданыстағы 3-сыныптың "Математика" оқулығында бұл тапсырма жоқ (суретте көрсетілген)", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ министрлік ақпаратты таратқан қолданушы постын өшіргені туралы атап өтті.